Пән аты: “Қазақ халық ауыз
әдебиеті”
Институт:
Филология
институты
Мамандығы: 050205 Филология
Қазақ тілі
Оқу түрі: күндізгі
Курсы: 1
Семестрі: 1
Кредит саны: 2
Лекция: 15
СӨЖ: 30
ОСӨЖ: 30 (15 аудит., 15 аудит.тыс)
Барлық сағат
саны:Ағымдағы бақылау (модуль саны): 90
Емтихан: 1
семестр
Аралық бақылау (модуль саны): 2
Барлық балл: ағымдағы
және аралық бақылауға: 60
қорытынды
бақылауға: 40
Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінің оқу
әдістемелік бірлестігі қолданысқа ұсынған
“Қазақ халық ауыз әдебиеті” пәні бойынша типтік
бағдарлама негізінде профессор Қ.Саттаров тарапынан түзілген.
Жұмыс бағдарламасын
дайындаған: ф.ғ.д.,проф.
Саттаров Қ.
Хаттама N 1. 28.08.2008 ж.
Кафедра меңгерушiсi: ф.ғ.к.,доцентТ.Қалдыбаев
Жұмыс бағдарламасы факультеттiң
әдiстемелiк комиссиясында талқыланды.
Төрағасы: С.Тұрмаханова
Жұмыс бағдарламасы кафедраларымен
келiсiлген (кафедра, пән, кафедра меңгерушiсi)
_____________________________________________________________________________

![]()
1. Пәннің аты: Қазақ халық ауыз әдебиеті.
Курстың оқып меңгеру және оның
өзектiлiгi.
Қазақтың
халық ауыз әдебиетi курсын меңгеру үшiн әдебиет
пәнi бойынша алғашқы ауыз әдебиетi үлгiлерi мен
нұсқаларын оқып, есте сақтау дағдысы болу керек.
1.1. Курсты
оқытудың өзектілігі мен міндеті.
Қазақ тiлi мен әдебиетi
мамандығын болашақта терең де жан-жақты меңгеру
мәселесi күннен-күнге талап күшейiп келедi. Әр
бiр азаматтың таңдап алған қазақ тiлi мен
әдебиетi мамандығын меңгеруде теориялық және
практикалық бiлiмiн тереңдете түсу қажет.
Қазақ фольклоры бүкiл әдебиет мәселесiн
меңгеру үшiн негiзгi тiрек болып табылады.
Оқу-әдiстемелiк
бағдарламаны амалға асыру үшiн мына мәселелерге назар
аударылсын:
а)қазақ халық ауыз
әдебиетiн меңгерiп, үйрену үшiн ауыз әдебиетi
үлгiлерiнiң нұсқаларымен оқып сюжетiн
меңгеру;
ә)баспада жарияланған
оқулық, хрестоматиялық, көмекшi-құралдарды
оқып, үйрену;
б) Қазақ ауыз әдебиетi
үлгiлерiн жинау, зерттеу әдiстерiн меңгеру талап етiледi.
Қазақ халық ауыз
әдебиетiнiң жанрлық құрылысы мен оның
ерекшелiктерiн, мәтiннiң сюжет желiсiн меңгерудi мiндеттейдi,
мәтiндi сюжет және композициялық құрылысына
қарай талдау; мотив пен сюжет текстерiн қорытындылап шығарма
жазуға дайындау.
Курстың мазмұны
мен мәні
Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығына
қазақ ауыз әдебиетi пәнi ең алғаш пән
ретiнде бiр семестр бойынша лекциялық, практикалық-семинар
сабағы жүргiзiледi. Студент толық мәтiн
нұсқаларын, версияларын оқып, сюжет желiсiн салыстыра
баяндап, реферат, курс жұмыстарын жазуға дағдыланады.
Фольклорлық жанрлардың
тақырыбына тиiстi мәтiндерiн оқып, талдау жасауға
жаттығады; студент конспект арқылы теориялық
ой-түйiндерiн жасап, композициясын өзбетiнше салыстырып пiкiр
айтуға үйренедi; теориялық әдебиеттер тiзiмiне
оқытушы-профессорлардың еңбектерiн де тiзiмге енгiзiп
пайдалануға болады.
1.2. Курстың болашағы пререквизитi:
(курсты оқып үйрету үшiн
студент ненi бiлу керек)
- университетте оқытушы-профессорлар
студенттердi академиялық оқуға қызықтырады;
- фольклортану мамандығы бойынша
жаңалық бағыт, бағдарды толық бiлiп отыруы
қажет;
- студент ауыз әдебиетi жанрларын
тыңдап теориялық ой-түйiндер жасап, сюжетi мен композициясын
салыстырып, теориялық пiкiрiн тереңдете үйренедi;
- ауыз әдебиетiн алғаш
жинаудың түрлi әдiс-тәсiлдерiн меңгерiп жинаумен
шұғылданады;
- ел
аузынан жазып алынған қолжазбаларды баспаға дайындау
мәселесiмен танысып, әр бiр жанрға деректеме жазуға
дағдыланады;
-баспада жарияланған ауыз
әдебиетi нұсқаларын салыстырып, типологиялық негiзде
зерттеуге терең үйренуге назар аудара бастайды.
1.3. Курстың
постреквезитi (Курсты студент толық бiтiргеннен кейiн
қызығушылығын ғылыми жұмыспен
қанағаттандыруға болады).
Студент қазақ халық ауыз әдебиетi курсын
бiтiргеннен кейiн ғылыми жұмыс iстеп, өз таңдауы
бойынша тақырып алып, оқытушымен үздiксiз байланыста болады.
Бағдарлама
студентке бiлiм беру мәселесi әр бiр пән бойынша енгiзiледi.
Оқытушы-профессордың
кафедраға келiп-кету кестесi.
Саттаров Қыдырәлi
Қоңырбайұлы
Тел: 54-62-81 305
бөлме «8» корпусы.
Күнделiктi
келу уақыты: 10.00-13.00-ге дейiн.
Курстық код саны және кредит саны.
(«Қазақтың халық ауыз әдебиетi» мамандығы
бойынша 1 курс үшiн
қазақ халқының ауыз әдебиетi мамандығына 2
кредит сағат).
Курстық өтiлетiн
уақыты мен орны (Ауд. «8» корпусының 305 ауд. 13.30).
Өтiлетiн
пәннiң негiзгi оқып, үйренiлетiн
әдiс-тәсiлдерi мен бiлiм жүйелерiн ерiксiз қабылдау
(Пәндi меңгеру үшiн пәндi үйрену қажет,
ауыз әдебиетiн жинау, жазып алу, мәтiндi оқып конспектiлеу,
зерттеу әдiстерiн меңгеру).
Курсты қысқаша
түсiндiру.
- курстың мақсаты – типтiк бағдарламаға
сәйкес құрылады. (фольклордық бар әдiстерiн
меңгерiледi).
- курстың мiндетi – мамандыққа тиiстi
нақты мәселелердi Қазақстан Республикасының
бұйрығымен жарияланған оқу бағдарламасына
сәйкес алып барылады.
курстың
мазмұны. Халықтың өткендегi өмiрi, тұрмыс
тiршiлiгi, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танымы, арман
мүддесiн таныстырып, көптеген мәлiмет бередi.
Қазақ ауыз әдебиетiн зерттегенде, оқытғанда
қашан да қазақ фольклорының мәселелерiн баяндау
басты мiндетiмiз.
2.Оқу жұмысы
бағдарламасынан көшiрме
|
Семестр |
Кредит саны |
Апта саны |
Сабақ түрi уақыт
бюджетiнiң бөлiнуi |
|||||||
|
Лекция |
Семинар, практ. |
Емтихан |
Кеңес |
СӨЖОБ |
СӨЖ |
Курстық жұмыс, жоба |
||||
|
Курс.
жұм. |
Бақыл.жұм. |
|||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
I |
2 |
15 |
15 |
15 |
2 |
2 |
30 |
30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Пәннiң
мазмұны
|
Модульдің, бөлімнің,
тақырыптың аталуы |
Модуль, бөлім, тақырып бойынша
сағат саны |
Әдебиеттер |
Тақырыпты оқып болғаннан кейін
студент нені меңгеруі тиіс |
|||||||
|
Лекция |
Практ ик. жұмыс |
СӨЖ |
ОС ӨЖ |
Проб. жағдаят |
|
|
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
7 |
8 |
|||
|
1 модуль |
||||||||||
|
Кіріспе лекция.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
көркемөнердің салаларымен, тарихымеи, этнографиямен,
философиямен, психологиямен, педагогикамен және т.б. ғылымдар
салаларымен тығыз байланысы. |
1 |
1 |
|
2 |
1,2 3,4 5 |
1,2,3 3,6 3,6 |
Кіріспе лекция. Қазақ халқының ауыз
әдебиеті көркемөнердің салаларымен, тарихымеи,
этнографиямен, философиямен, психологиямен, педагогикамен және т.б.
ғылымдар салаларымен тығыз байланысын білу. |
|||
|
Фольклор
және фольклортану ғылымы туралы түсінік Фольклортану (фольююристика)
халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін
классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының
басты обьектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын
зерттеу екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы
жөніндегі ой-пікірлер. Халық өнерінің түрлері
және олардың ішінде фольклордың алатын орны.
Фолъклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология,
философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен
байланысы. Фольклордың көп
қырлы бітімі мен синкреттілігі. Халықтық сипаты. Ауыз
әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық
маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі. |
1 |
1 |
|
2 |
1,2 3,4 5 |
1,2,3 3,6 3,6 |
Фольклортану (фольююристика)
халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін
классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының
басты обьектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын
зерттеу екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы
жөніндегі ой-пікірлерді білу. Халық өнерінің
түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орнын
білу. Фолъклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих,
археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым
салаларымен байланысын білу. Фольклордың көп
қырлы бітімі мен синкреттілігін білу. Халықтық сипатын
білу. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен
қоғамдық маңызын танудағы атақты
ғалымдар мен ойшылдар пікірлерді білу. |
|||
|
Фольклордың тегі меп жанрына қарай жіктелуі,
тарихи зерттеу принциптері Әлемдік фольклортану
ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер
(мифологиялық, антропологиялық, этнографиялық мектеп,
көшпелі сюжет ауысып алу теориялары, салыстырмалы-тарихи,
құрылымдық-типологиялық жүйелі талдау,
кешенді-тұтастық зерттеу әдістері т.б.). Оның
қазақ фольклортану ғылымына әсері. Теориялық,
методологиялық ортақтастықтар фольклордың
идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына,
өмірде атқаратын қызметіне /функциясына/ қарай
жіктеу. Тегіне қарай бөлу принциптері. Жанрлық
түрлердің бөліну жолдары. Фольклор
мәтіңдерінің салтқа қатысты не қатыссыз
болып келуі, қара сө Әлемдік фольклортану

болып келуі, қара сөзбен немесе өлең түрінде
айтылуы, әуенмен не әуенсіз жеке адам немесе көпшілік
орындайтын үлгіде көрініс беруі. Бұл
өзгешеліктердің жанр мен жанрлық түрлерге
қатысы. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі.
Қазақ фольклорының
жанрлары мен түрлері. Сөзбен немесе өлең
түрінде айтылуы, әуенмен не әуенсіз жеке адам немесе
көпшілік орындайтын үлгіде көрініс беруі. Бұл
өзгешеліктердің жанр мен жанрлық түрлерге
қатысы. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі.
Қазақ фольклорының
жанрлары мен түрлері. |
1 |
1 |
|
2 |
1,2 3,4 5 |
1,2,3 3,6 3,6 |
Әлемдік фольклортану
ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер
(мифологиялық, антропологиялық, этнографиялық мектеп,
көшпелі сюжет ауысып алу теориялары, салыстырмалы-тарихи,
құрылымдық-типологиялық жүйелі талдау, кешенді-тұтастық
зерттеу әдістері т.б.). Оның қазақ фольклортану
ғылымына әсерін білу. Теориялық, методологиялық
ортақтастықтар фольклордың идеялық-көркемдік
ерекшеліктеріне, құрылысына, өмірде атқаратын
қызметіне /функциясына/ қарай жіктеу. Тегіне қарай
бөлу принциптері. Жанрлық түрлердің бөліну
жолдарын білу. Фольклор мәтіңдерінің салтқа
қатысты не қатыссыз болып келуі, қара сө
Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық
бағыттар мен мектептер (мифологиялық, антропологиялық,
этнографиялық мектеп, көшпелі сюжет ауысып алу теориялары,
салыстырмалы-тарихи, құрылымдық-типологиялық жүйелі талдау,
кешенді-тұтастық зерттеу әдістері т.б.). Оның
қазақ фольклортану ғылымына әсері. Теориялық,
методологиялық ортақтастықтар фольклордың
идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына,
өмірде атқаратын қызметіне /функциясына/ қарай
жіктеу. Тегіне қарай бөлу принциптері. Жанрлық
түрлердің бөліну жолдары. Фольклор
мәтіңдерінің салтқа қатысты не қатыссыз
болып келуі, қара сөзбен немесе өлең түрінде
айтылуы, әуенмен не әуенсіз жеке адам немесе көпшілік
орындайтын үлгіде көрініс беруі. Бұл
өзгешеліктердің жанр мен жанрлық түрлерге
қатысы. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі.
Қазақ фольклорының
жанрлары мен түрлері. Сөзбен немесе өлең түрінде
айтылуы, әуенмен не әуенсіз жеке адам немесе көпшілік
орындайтын үлгіде көрініс беруі. Бұл
өзгешеліктердің жанр мен жанрлық түрлерге
қатысы. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі.
Қазақ фольклорының
жанрлары мен түрлерін білу. |
|||
|
Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері Рулық қоғамындағы фольклор. Рулық қоғамдағы
фольклордың тууы мен қалыптасуы.
Еңбек-кәсіптің ролі. Жаратылыс туралы ұғымдар
мен тұрмыс-тіршілік тәжірибесінің орнығуы. Үй
іші, ру, тайпа арасыңдағы қатынастар Анаеркі /матриархат/
мен атаеркі /патриархат/. Ескі наным-сенімдер мен түсініктер: анимизм,
онтропоморфизм, тотемизм, фетилизм, магия. Олардың
фольклорға әсері. Мифтік сана мен мифтер /тотемистік, дуалистік,
этнологиялық мифтер. Шаманизм. Бақсылар қызметі.
Қазақ, фольклорының көне жанрлары мифтер,
аңшылық, төрт түлік туралы әңгімелер мен
жанрлар, маусымдық салт өлеңдері, бақсы сарыны,
арбау, бәдік, алғыс, қарғыс, түрлі
рәсімге байланысты өлеңдер, ертегілер, көне эпостар. Феодализм
дәуіріндегі фольклор. Қазіргі дәуір
фольклоры. |
1 |
1 |
|
2 |
1,2 3,4 5 |
1,2,3 3,6 3,6 |
Қазақ
фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері. Рулық
қоғамындағы фольклор. Рулық қоғамдағы фольклордың
тууы мен қалыптасуы. Еңбек-кәсіптің ролі.
Жаратылыс туралы ұғымдар мен тұрмыс-тіршілік
тәжірибесінің орнығуы. Үй іші, ру, тайпа
арасыңдағы қатынастар Анаеркі /матриархат/ мен атаеркі
/патриархат/. Ескі наным-сенімдер мен түсініктер: анимизм,
онтропоморфизм, тотемизм, фетилизм, магия. Олардың фольклорға әсері. Мифтік
сана мен мифтер /тотемистік, дуалистік, этнологиялық мифтер. Шаманизм.
Бақсылар қызметі. Қазақ, фольклорының
көне жанрлары мифтер, аңшылық, төрт түлік
туралы әңгімелер мен жанрлар, маусымдық салт
өлеңдері, бақсы сарыны, арбау, бәдік, алғыс,
қарғыс, түрлі рәсімге байланысты өлеңдер,
ертегілер, көне эпостар. Феодализм
дәуіріндегі фольклор мен қазіргі дәуір
фольклорды білу. |
|||
|
Тұрмыс-салт жырлары Халық өлеңдерінің
зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радловтың
халық өлеңдерін жіктеуі. Тұрмыс-салт жырларын
қазіріі зерттеудің жайы мен классификациялаудың
проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы.
Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек
процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдеп-ғұрып,
наным-сенімдермен байланысы. Олардың салтқа тікелей және
жанамалы түрде қатысты болуы. Тұрмыс-салт жырларының ұжымдық
және синкреттілік сипатының басымдығы. Фольклордың
ең көне үлгілері екендігі. Еңбек-кәсіппен
байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық
түрлері. Төрт түлік жырлары. Көшпелі шаруашылықтың
бейнеленуі, төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер. Аңшылық жырлары. Наным-сенімдерге /діни ұғымдар/
байланысты өлеңдер. Отбасы салтына байланысты
өлең түрлері. |
1 |
1 |
|
2 |
1,2 3,4 5 |
1,2,3 3,6 3,6 |
Тұрмыс-салт жырлары Халық өлеңдерінің
зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радловтың
халық өлеңдерін жіктеуі. Тұрмыс-салт жырларын
қазіріі зерттеудің жайы мен классификациялаудың
проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы.
Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек
процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдеп-ғұрып,
наным-сенімдермен байланысы. Олардың салтқа тікелей және
жанамалы түрде қатысты болуы. Тұрмыс-салт жырларының ұжымдық
және синкреттілік сипатының басымдығы. Фольклордың
ең көне үлгілері екендігі. Еңбек-кәсіппен
байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық
түрлері. Төрт түлік жырларын білу. Көшпелі шаруашылықтың
бейнеленуі, төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер. Аңшылық жырлары. Наным-сенімдерге /діни ұғымдар/
байланысты өлеңдер. Отбасы салтына байланысты
өлең түрлерін білу. |
|||
|
Лирикалық
өлеңдер Халық лирикасының жанрлық
ерекшелікгері. Классификациялау мәселесі. Тұрмыс-салт жырларымен
ұқсастығы және айырмашылығы. Лирикалық
өлеңдердің алуан тақырыпты болуы. Қара
өлең, ән өлең, тарихи өлеңдер. Идеялық-көркемдік
ерекшеліктері. Бейнелеу жүйесі. Композициясы. Поэтикалық тәсілдері
мен құралдары. Тарихи өлендердің тарихи жырлардан
өзгешелігі. Лирикалық өлеңдердегі қазақ
халқының эстетикалық дүниетанымы. |

халқының эстетикалық дүниетанымын білу. |
|||
|
Мақалдар
мен мәтелдер Мақал-мәтелдердің жанрлық
белгілері. Классификациялаудың принциптері. Тақырыптық,
логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің
ауызекі сөйлеу тілімен байланысы. Құрылысының тұрақты
болу себептері. Мақал-мәтелдер тақырыбының
халық өмірінің барлық саласын қамтитыны. Мақал-мәтелдердің
тура және ауыспалы, жалпы және жалқы мағыналары.
Құрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері,
троптың атқаратын қызметі. Мәтелдің мақалдан
айырмашылығы. Қанатты сөздердің, афоризмдердің,
фразеологиялық тіркестердің мақал-мәтелдермен
арақатысы. |

арақатысын білу. |
|||
|
|
7 |
7 |
|
14 |
|
|
|
|||
|
Жұмбақтар Қазақ жұмбақтарының
жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері. Жұмбақтардың
жасалу жолдары мен тәсілдері. Тиым салу /табу/ және оның
жұмбақтардың қалыптасуындағы ролі. Жұмбақтардың
тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі.
Ересектер мен балалар щығармашылығында қатар жүруі.
Ертегілермен, айтыстармен және мақал-мәтелдермен байланысы.
Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік
тәсілдері. |

тәсілдерін білу. |
|||
|
Шешендік
сөздер Қызметі мен қоғамдық мәні.
Жанрлық өзгешеліктері. Шешендік сөздердің жиналу,
зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау,
шешендік дау. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты,
ырғақты қара сөз бен өлең
формасының аралас келуі. Түсінік сөздердің
атқаратын қызметі. Шешендік сөздердің
аңыздармен, мақал-мәтелдермен байланысы. Майқы би, Қазыбек
би, Эйтеке би, Сырым т.б. туралы шешендік сөздер мен
аңыздардың тұтастығы. Халық қазынасына
айналған шешендік сөздердің авторын анықтау
принциптері. Эстетикалық, тәрбиелік маңызы. |

принциптері. Эстетикалық, тәрбиелік маңызын білу. |
|||
|
Ертегілер Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және
ертегілерден тыс көптеген
түрлерінің бар екеңдігі. Айырмашылығы мен ұқсастықтары. Ертегілердің өзіндік
ерекшеліктері. Жиналуы мен зерттелуі. Ертегілердің халықтық сипаты, ондағы
қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы.
Ертегілердің классификациясы. Қазақ ертегілерінің
жанрлық түрлері. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің пайда
болу жолдары. Қиял-ғажайып
ертегілердің жанрлық ерекшеліктері. Батырлық ертегі. Новеллалық ертегі. Сатиралық ертегілердің_жанрлық
сипаты. Ертегіден тыс
прозалық жанрлар (аңыздық проза) Миф. Аңыз-әңгімелер. Жанрлық
сипаты.
Анықтамасы. Тарихи, мекендік /топонимикалык/ және
күй аңыздары. Қиял мен шындықтың көрінісі.
Тарихи аңыздардың сюжеті мен қаһармандары: Асан Қайғы,
Жиренше, Жәнібек, т.б. Жер-су, елді мекен, тау-тас, өзен-көл
туралы аңыздар. Күй аңыздарындағы тарихи және
жер-су, елді мекен жайындағы әңгімелердің орайлас
келуі. Аңыздардың композициясы мен баяндау тәсілдері. Әпсана
/легенда/. Жанрдың анықтамасы.
Эпсананың түрлері. Аңыз-әңгімеден
айырмашылығы. Дүниенің жаратылысы, жерұйық әулие-әнбиелер
туралы сюжет. Қорқыт, Ескендір туралы әпсаналар.
Қиял-ғажайып оқиғаларының қызметі.
Көркемдік ерекшеліктері. Ертегісімек.
/Былички/. Жанрдық анықтамасы.
Ескі наным-сенім, халық демонологиясының көрінісі: албасты,
үббе, күлдіргіш, жезтырнақ, сөрел, жын-шайтан, т.б.
Тақырыбы мен баяндау тәсілдері. |
1 |
1 |
|
2 |
1,2 3,4 5 |
1,2,3 3,6 3,6 |
Ертегілер Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және
ертегілерден тыс көптеген
түрлерінің бар екеңдігі. Айырмашылығы мен ұқсастықтары. Ертегілердің өзіндік
ерекшеліктері. Жиналуы мен зерттелуі. Ертегілердің халықтық сипаты, ондағы
қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы.
Ертегілердің классификациясы. Қазақ ертегілерінің
жанрлық түрлері. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің пайда
болу жолдары. Қиял-ғажайып
ертегілердің жанрлық ерекшеліктері. Батырлық ертегі. Новеллалық ертегі. Сатиралық ертегілердің_жанрлық
сипаты. Ертегіден тыс
прозалық жанрлар (аңыздық проза) Миф. Аңыз-әңгімелер. Жанрлық
сипаты.
Анықтамасы.
Тарихи, мекендік /топонимикалык/ және
күй аңыздары. Қиял мен шындықтың көрінісі.
Тарихи аңыздардың сюжеті мен қаһармандары: Асан Қайғы,
Жиренше, Жәнібек, т.б. Жер-су, елді мекен, тау-тас, өзен-көл
туралы аңыздар. Күй аңыздарындағы тарихи және
жер-су, елді мекен жайындағы әңгімелердің орайлас
келуі. Аңыздардың композициясы мен баяндау тәсілдері. Әпсана
/легенда/. Жанрдың анықтамасы.
Эпсананың түрлері. Аңыз-әңгімеден
айырмашылығы. Дүниенің жаратылысы, жерұйық әулие-әнбиелер
туралы сюжет. Қорқыт, Ескендір туралы әпсаналар.
Қиял-ғажайып оқиғаларының қызметі.
Көркемдік ерекшеліктері. Ертегісімек.
/Былички/. Жанрдық анықтамасы.
Ескі наным-сенім, халық демонологиясының көрінісі: албасты,
үббе, күлдіргіш, жезтырнақ, сөрел, жын-шайтан, т.б.
Тақырыбы мен баяндау тәсілдерін білу. |
|||
|
Эпостық жырлар Қазақ эпосының жанрлық
құрамы. Классификациясы. Жанрлық-стадиялық
белгілеріне қарай жеткізу. Көне эпос, батырлар
жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар. Зерттелу
тарихы. Шындықтың
эпостағы бейнеленуі. Эпос пен тарих. Өлең құрылысы. Көне эпос. Анықтамасы
мен негізгі белгілері. Сюжеттік
құрамы
мен тақырыбы. Қаһармандық үйлену, ғажайып туу, өліп
тірілу мотивтері. Миф, аңыз
ертегілермен байланысы. Матриархат және
патриархат дәуірлерінің
көрінісі. Образдар жүйесі:
бас қаһарман
мен адамзатқа
қас күштер /дию, пері, дәу, мыстан кемпір, т.б./. Әйелдер бейнесі.
"Құламерген-Жоямерген", "Дотан батыр" жырлары
– көне эпостың
үлгілері. "Алпамыс батыр" жырындағы архаикалық
сипат. Көркемдік ерекшеліктері. Ұлғайту мен әсірелеу. Батырлар жыры. Жанрлық
белгілері. Жиналу, жариялану,
зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері
туралы. Түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлар дәуірлері
мен жоңғар
шапқыншылығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Батырлыр жырының
идеялық нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты.
Историзм /тарихилық/
мәселесі. Батырлар жыры мен көне эпостық байланысы,
бір-бірімен сабақтастығы. Батырлар жырындағы уақыт.
Жырлаушы уақыты, сюжеттік уақыт. Эпикалық уақыт
дәстүрі. Батырлар жырындағы эпикалық кеңістік.
Эпостық кеңістік концепциясы. "Қобыланды батыр",
"Ер Көкше-Ер Қосай", "Арқалық
батыр" жырларының сюжеттері, ел қорғау, сыртқы
жауларға қарсы күресу идеясы, образдар жүйесі. Лиро-эпос. Жанрлық
сипаты. Жиналуы мен зерттелуі. Сюжеті мен тақырыбы.
Әдет-ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын
орны, кейіпкерлер тағдырымен сабақтастьны. Әлеуметтік
қайшылықтар. Трагедия, оның болу себептері. Образдар жасау
ерекшеліктері. Идеализациялау мен даралау /индивидуализация/.
Әлеуметтік-тұрмыстық/ "Айман-Шолпан"/ және
махаббат тақырыбы /"Қозы Көрпеш-Баян сұлу",
"Қыз Жібек"/. Тарихи жырлар. Жанрлық ерекшеліктері. Батырлар жырымен байланысы.
Тарихи оқиғалар мен тарихи жырлардың ара қатысы.
Тарихи каһармандык жырлар/"Едіге батыр", т.б./ жоис
олар,іың полистадиялылығы. Тарихи тұлғалар мен жыр
кейіпкерлері /Абылай, Олжабай, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Досан,
Бекет, Жанқожа, т.б./. Сюжеті мен тақырыбы. Жоңғар
феодалдарына, Қоқан, Хиуа хандықтарына, ішкі
қанаушыларға қарсы /"Исатай-Махамбет"/
күрес пен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар. Діни
дастандар. Жанрлық ерекшеліктерін
білу. Тарихи негіздері. Батырлық жыр өрнектерінің
молдығы /"Дариға қыз",
"Зарқұм", т.б./. |
1 |
1 |
|
2 |
1,2 3,4 5 |
1,2,3 3,6 3,6 |
Эпостық жырлар Қазақ эпосының жанрлық
құрамы. Классификациясы. Жанрлық-стадиялық
белгілеріне қарай жеткізу. Көне эпос, батырлар
жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар. Зерттелу
тарихы. Шындықтың
эпостағы бейнеленуі. Эпос пен тарих. Өлең құрылысы. Көне эпос. Анықтамасы
мен негізгі белгілері. Сюжеттік
құрамы
мен тақырыбы. Қаһармандық үйлену, ғажайып туу, өліп
тірілу мотивтері. Миф, аңыз
ертегілермен байланысы. Матриархат және
патриархат дәуірлерінің
көрінісі. Образдар жүйесі:
бас қаһарман
мен адамзатқа
қас күштер /дию, пері, дәу, мыстан кемпір, т.б./. Әйелдер бейнесі.
"Құламерген-Жоямерген", "Дотан батыр" жырлары
– көне эпостың
үлгілері. "Алпамыс батыр" жырындағы архаикалық
сипат. Көркемдік ерекшеліктері. Ұлғайту мен әсірелеу. Батырлар жыры. Жанрлық
белгілері. Жиналу, жариялану,
зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері
туралы. Түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлар дәуірлері
мен жоңғар
шапқыншылығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Батырлыр жырының
идеялық нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты.
Историзм /тарихилық/
мәселесі. Батырлар жыры мен көне эпостық байланысы,
бір-бірімен сабақтастығы. Батырлар жырындағы уақыт.
Жырлаушы уақыты, сюжеттік уақыт. Эпикалық уақыт
дәстүрі. Батырлар жырындағы эпикалық кеңістік.
Эпостық кеңістік концепциясы. "Қобыланды батыр",
"Ер Көкше-Ер Қосай", "Арқалық
батыр" жырларының сюжеттері, ел қорғау, сыртқы
жауларға қарсы күресу идеясы, образдар жүйесі. Лиро-эпос. Жанрлық
сипаты. Жиналуы мен зерттелуі. Сюжеті мен тақырыбы.
Әдет-ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын
орны, кейіпкерлер тағдырымен сабақтастьны. Әлеуметтік
қайшылықтар. Трагедия, оның болу себептері. Образдар жасау
ерекшеліктері. Идеализациялау мен даралау /индивидуализация/. Әлеуметтік-тұрмыстық/
"Айман-Шолпан"/ және махаббат тақырыбы
/"Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Қыз
Жібек"/. Тарихи жырлар. Жанрлық ерекшеліктері. Батырлар жырымен байланысы.
Тарихи оқиғалар мен тарихи жырлардың ара қатысы.
Тарихи каһармандык жырлар/"Едіге батыр", т.б./ жоис
олар,іың полистадиялылығы. Тарихи тұлғалар мен жыр
кейіпкерлері /Абылай, Олжабай, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары,
Досан, Бекет, Жанқожа, т.б./. Сюжеті мен тақырыбы.
Жоңғар феодалдарына, Қоқан, Хиуа хандықтарына,
ішкі қанаушыларға қарсы /"Исатай-Махамбет"/
күрес пен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар. Діни
дастандар. Жанрлық ерекшеліктерін
білу. Тарихи негіздері. Батырлық жыр өрнектерінің
молдығы /"Дариға қыз",
"Зарқұм", т.б./. |
|||
|
Айтыс Зеттелу тарихы. Жанрлық сипаттамасы. Айтысты мазмұны
мен тақырыбына, түріне қарай жіктеу. Әдеп -
ғұрыппен салтпен байланысты айтысатын айтыстар: бәдік, жұмбақ
айтыстары айтыс үлгісінде орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі,
жар-жар, мысал өлеңдерінің осы жанрға қатысы.
Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс,
түре айтыс, қайым айтыс - айтыс формаларының түрлері.
Жазба айтыс, қыз бен жігіт айтысы /"Біржан мен Сара",
Кеншінбай мен Айсұлу". "Манат қыз бен молда Мұса",
т.б./ Айтыстың айрықша дамыған түрі -
ақындар айтысы. Атақты ақындар айтысының даралық
сипаты, әдебиетке ұласуы
/Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, Әсет, Нұржан, Сара,
Жамбыл, т.б./ айтыстары. Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелерінің
көтерлуі. теңсіздіктің, әділетсіздіктің,
қоғамдық кемшіліктердің сыналуы. Айтыстың
тамашалық сипаты. Ақындық шеберлік пен
тапқырлық. Кенес дәуіріндегі айтыстардың
дамуындағы ерекшеліктер. Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар.
Өркендеу себептері. Айтыстың көpкeмдік
ерекшеліктері. |

Балалар
фольклоры Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері.
Идеялық-көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі.
Халық педагогикасымен байланысы. Балалар фольклорының жанрлары
мен жанрлық түрлері. Бөбектерге арналған өлеңдер:
бесік жыры, сәбилік салт жырлары /"Бесікке бөлеу",
"Бесікті аластау", "Тұтас кесу",
"Өс-өс!" т.б./, уату өлеңдері. Айтылатын
мезгілі мен себебі, тақырыбы мен стильдік өрнегі. Балалардың өзі орындайтын
өлең-жырлар: арнау-тілек өлеңдер,
сұрамақ, өтірік өлеңдер, тақпақтар,
мазақтар. Жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына /"Күн
шыққанда", "Тұманға",
"Айға", "Жаңбыр жауғанда",
"Күзде", "Қыста", "Жазда",
"Желге", т.б./ бағытталып айтылатын арнау-тілек
өлеңдеріндегі ескі магиялық түсініктердің
көрінісі. Сұрамақ өлеңдерінің
танымдық қызметі. Олардағы сұрақ пен жауап.
Өтірік өлендердің көркемдік шарты. Жаңылтпаш
пен мазақтау өлендерінің тәрбиелік мәні. Ойын өлендері: санамақ, қаламақ /жеребьевки/.
Олардың атқаратын қызметі мен құрылысы.
Түрлі ойындардың арасында айтылатын
өлең-жырлар/"Соқыр теке", "Ақ
сүйек", "Куыр-қуыр, қуырмаш", "Қалай
айтуды білмеймін", т.б./ . Жұмбақ, жаңылтпаш, төрт
түлік, өтірік өлеңдер мен ертегі, аңыз
әңгімелер жанрларының балалар мен үлкендер
фольклорына ортақтығы. Балалар фольклорының поэтикасы.
Жинақылық /лаконичность/, қарапайымдылық,
ойнақылық. Көркемдік бейнелеу құралдары мен
тәсілдері. |
1 |
1 |
|
2 |
1,2 3,4 5 |
1,2,3 3,6 3,6 |
Балалар
фольклоры Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері.
Идеялық-көркемдік табиғаты, атқаратын қызметі.
Халық педагогикасымен байланысы. Балалар фольклорының жанрлары
мен жанрлық түрлері. Бөбектерге арналған өлеңдер:
бесік жыры, сәбилік салт жырлары /"Бесікке бөлеу",
"Бесікті аластау", "Тұтас кесу",
"Өс-өс!" т.б./, уату өлеңдері. Айтылатын
мезгілі мен себебі, тақырыбы мен стильдік өрнегі. Балалардың өзі орындайтын
өлең-жырлар: арнау-тілек өлеңдер,
сұрамақ, өтірік өлеңдер, тақпақтар,
мазақтар. Жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына
/"Күн шыққанда", "Тұманға",
"Айға", "Жаңбыр жауғанда",
"Күзде", "Қыста", "Жазда",
"Желге", т.б./ бағытталып айтылатын арнау-тілек
өлеңдеріндегі ескі магиялық түсініктердің
көрінісі. Сұрамақ өлеңдерінің
танымдық қызметі. Олардағы сұрақ пен жауап.
Өтірік өлендердің көркемдік шарты. Жаңылтпаш
пен мазақтау өлендерінің тәрбиелік мәні. Ойын өлендері: санамақ, қаламақ /жеребьевки/.
Олардың атқаратын қызметі мен құрылысы.
Түрлі ойындардың арасында айтылатын
өлең-жырлар/"Соқыр теке", "Ақ
сүйек", "Куыр-қуыр, қуырмаш", "Қалай
айтуды білмеймін", т.б./ . Жұмбақ, жаңылтпаш, төрт
түлік, өтірік өлеңдер мен ертегі, аңыз
әңгімелер жанрларының балалар мен үлкендер
фольклорына ортақтығы. Балалар фольклорының поэтикасы.
Жинақылық /лаконичность/, қарапайымдылық,
ойнақылық. Көркемдік бейнелеу құралдары мен
тәсілдері. |
|||
|
Фольклор
мен әдебиет Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес,
туыстастығы. Фольклордың әдебиетке, әдебиетгің
фольклорға әсері. Өзара байланыс
әдеби-фольклорлық процестердің түрлі деңгейінде
түрлі сипатта болатындығы /халықтығы, идеясы,
тақырыбы, жанры, сюжеті, мотиві, көркемдік бейнелеу
құралдары мен тәсілдері, образ жүйесі,
құрылысы, т.б. бойынша/. Түркі халықтарына
ортақ ежелгі әдебиеттегі /Ү-ХҮғғ/
фольклордың ролі. Мифтер,
аңыз әңгімелер, халық өлеңдері,
мақал-мәтелдердің түркі жазба ескерткіштерінен алатын
орны. Олардың қолданылу себептері. Орхон-Енисей
жазбаларыңдағы ерлік пафос пен эпостық жырлардың
үндестігі. "Қорқыт ата кітабы", "Оғыз
наме", т.б. кітаптарда кездесетін қазақтың миф,
ертегі, хикая, эпос жырларындағы сюжеттер. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы
жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы. |

Қазақ фольклорының зерттелу тарихы Көне дәуірдегі түркі жазба
ескерткіштерінде кездесетін ауыз әдебиетінің
нұсқалары, оларды пайдалану сипаты.
Мақал-мәтелдердің, шешендік сөздердің, мысал
әңгімелердің, тұрмыс-салт жырларының орта
ғасырлық сөздіктер мен антологияларға,
дастандарға, шежірелерге /"Лұғат ат-түрк" ,
"Кодекс куманикус"/ ену себептері. Қазақ фольклоры туралы ғылымның
ХҮШ ғасырда қалыптаса бастауы. Саяхатшылар мен
зерттеушілер: П.Паллас. Н.Рьгжов, И.Гиоргидің қазақ
фольклоры туралы тұжырымдары. XIX ғасырдың бірінші
жартысыңда қазақ фольклорының этнографиялық
бағытта зерттелуі. Жинау, жариялау жұмыстары.
Халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін
жете білу үшін фолъклорлық материалдарға арқа
сүйеу. Зерттеулердің жолжазба және сипаттама, таныстыру
түрінде болуы. Ш.Уалихановтың қазақ фольклорына жинау
және зерттеудегі еңбектері. Жырау, жыршы, ақын, бақсы
жайында, халық поэзиясының жанрлары мен түрлері туралы XIX ғасырдағы
ғалымдардың пікірлері. В.В.Радловтың, Г.Потаниннің,
А.Васильевтің, т.б. зерттеушілердің қазақ
фольклортану ғылымының дамуына қосқан үлестері.
Батыс Европа мен Ресейдегі мифологиялық мектеп, оның
қазақ фольклорын зерттеулерге қатысы. Г.Потанин -
қазақ фольклорын жинаушы әрі зерттеуші. Оның
еңбектеріндегі сюжет ауысу теориясының көрінісі.
"Тарихи мектептің" қазақ
фольклористикасындағы көрінісі. А.Құнанбаев пен
Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиетінің тәрбиелік
мән-маңызын жоғары бағалауы, фольклор
үлгілерінің оқулыққа енуі, жазба әдебиет
жанрларын /өлең, көркем қарасөз,
көсемсөз/ нәрлендіруі. XX ғасырдың басындағы
қазақ фольклористикасы.
Ә.Диваев пен М.Көпеевтің, А.Байтұрсыновтың,
Ә.Бөкейхановтың ауыз әдебиеті нұсқаларын
жинау, жариялау жұмыстары. XIX ғасыр мен XX ғасырдың
басындағы қазақ фольююры туралы ғылымның
Ресейдегі алдыңғы қатарлы ой-пікірлермен, түрлі
әдеби-фольклорлық зерттеу мектептерімен сабақтас болуы. |

3.1. 1-Модуль бойынша
проблемалық мәселелер:
№ 1. Қазақ фольклорының жүйелi құрылысына
қарай зерттеудiң негiзгi бағыты.
№ 2. Фольклорлық жанр әдебиеттiң алғашқы қайнар
бұлағы.
№ 3. Ауыз ´дебиетi үлгiлерiн майда жанрларына қарай
талдау.
№ 4. Қазақ фольклорының поэтикасының негiзгi қамтитын
мәселелерi.
№ 5. Қазақ фольклорындағы поэтика тарихы, термин мәселесi.
№ 6. Романдық эпостардың к¼ркемдiк ерекшелiгi.
№ 7. Топонимикалық атаулардың тарихи, типтiк түрi.
№ 8. Поэтика-фольклор мен әдебиеттi зерттейтiн негiзгi ғылым екендiгi.
№ 9. Жұмбақтың айтылу тарихы.
2-Модуль.
№ 1. Қазақ халық әдебиетiндегi лирикалық проза.
№ 2. Лирикалық прозадағы кейiпкердiң уақыт өткен сайын қалыптасу тарихы.
№ 3. Тұрмыс-салт өлеңдерiндегi аллитерациялық к¼рiнiс.
№ 4. “Қазақ халық кiтабы” және “Мұңлық-Зарлық” дастаны.
№ 5. Ұлттық мәдениетiмiздiң шығыс классикасымен байланысы.
№ 6. Зарлықтың Күлмесхан елiне баруы, шарықтау шегi екендiгi.
3.2.Курс
жұмысының мазмұны мен тақырыптары
3.3. Студентердiң
өз бетiнше жұмысы.
1-Модуль.
№ 1. Аристотель. Об искусстве поэзии.-М., 1957; Аристотель. Поэтика.-М.,
1954.-3-142 бб.
№ 2. Әбунасыр Әл-Фараби. Музыка және поэзия туралы
Трактат (орыс тiлiнде).-М., 1978.
№ 3. Ахметов З. О языке казахской поэзии.-А.-А., 1970.-3-44 бб.
№ 4. Смайылов Е. Ақындар. Монография.-Алматы, 1956.
№ 5. Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетiн
жасаушылардың байырғы өкiлдерi.-Алматы: “ªылым”,
1976.-98-111 бб.
№ 6. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелiгi.-Алматы, 1966.
№ 7. Бердiбаев Р. Гүлстанның бұлбұлдары.-Алматы,
1971.
2-Модуль.
№ 8.Адамбаев Б. Халық даналығы.-Алматы: “Мектеп”, 1976.-56-58
бб.
№ 9. Әбубәкiр Диваев Тарту. Құрастырған Флора
Оразаева.-Алматы: “Ана тiлi”, 1972 .-256 б.
№ 10. Ақылдық көзi. Құрастырған
Қ.Саттаров.-Алматы: “Жазушы”, 1990.-160 б.
№ 11. Нысанбек Төреқұлов Қанатты
сөздер.-Алматы: “Жазушы”, 1967.
№ 12. Қазақтың халық
жұмбақтары.-Алматы, 1959.-3-12 бб.
№ 13. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы.-Алматы:
‘ªылым”, 1975.
№ 14. Қабдолов З. Сөз өнерi (әдебиет
теориясының негiздерi).-Алматы: “Мектеп”, 1976.-3-81 бб.
№ 15. Қашғарий М. Дивону лұғатит турк.-Ташкент,
1960. 1 том.-44 б.
3.4. Осы тақырыпты
оқыған соң студент ненi меңгеруi тиiс
1-Модуль.
№ 1. Қазақ фольклорының поэтикасы туралы түсiнiк
алады.
№ 2. Фольклорлық жанр әдебиеттiң алғашқы
қайнар бұлағы екенiн меңгередi.
№ 3. Фольклор поэтикасының айырмашылығын түсiнедi.
№ 4. Қазақ фольклорының поэтика тарихы термин
сөздiң қалыптасу тарихына зер салады.
№ 5. Өлең құрылысының наср аралас келуiн
салыстырып көредi.
№ 6. Мақал-мәтел, жұмбақ жанрының поэтикасы
мен текстологиясын салыстыра үйренедi.
2-Модуль.
№ 7. Тұрмыс-салт өлеңдерiндегi аллитерацияның
көрiнiсiн анықтайды.
№ 8. “Мұңлық-Зарлық” эпосының зерттелу
мәселелерiн меңгередi.
№ 9. Қазақ фольклорының жүйелi құрылына
қарай талдау мәселелерiне назар аударып, теориялық
тұрғыдан тереңдейдi.
№ 10. Текстi талдап, зерттеу әдiсiне дағдыланады.
3.5.Практикалық
сабақта өтiлетiн тақырыптар
(лирика, эпос, айтыс):
Лирика жанры:
Қабдолов З. Анықтамасы.
ªабдуллин М. Қазақтың
халық ауыз әдебиетi. Оқулық.-Алматы, 2001.-150-180 бб.
Эпос жанры:
Эпос жанрының поэтикасы, өлең
құрылысы. Майда жанрлармен текстологиялық салыстыра зерттеу.
“Мұңлық-Зарлық”
эпосының зерттелу мәселелерi.
Айтыс жанры:
Айтыс жанрының тарихы, түрлерi.
Айтыс-өнер ерекшелiгi.
3.5.Әрбiр студентпен
жеке сабақ жүргiзiлмейдi.
4.
Оқу-әдiстемелiк әдебиеттер
4.1. Негiзгi
әдебиеттер мен қосымша ғылыми еңбектер.
Студенттiң өзбетiнше жұмыс
iстеуi үшiн фольклор
поэтикасына тиiстi әдебиеттер:
А.Негiзгi әдебиеттер:
1.
Әдебиеттану
ғылымына кiрiспе. Құрастырған автор
М.Мырзахметов.-Алматы, 1986.-3-26 бб.
2.
Қабдолов
З. Сөз ¼нерi.-Алматы: “Мектеп”, 2001.-214 б.
3.
Есин
А.Б. Принципы и приемы анализа литературного произведения.-Учебное
пособие.-М.:Флинта, Наука, 1998.-214 б.
4.
ªабдуллин
М. Қазақтың халық ауыз әдебиетi.-Алматы:
“Мектеп”, 2000.-28-76 бб.
5.
Ертедегi
әдебиет нұсқалары. Құрастырған Б.Кенжебаев
т.б. –Алматы: “Мектеп”, 1967.-26-197 бб.
4.2. Б. Қосымша әдебиеттер:
1. Адамбаев Б. Халық
даналығы.-Алматы: “Мектеп”, 1976.-71-89 бб.
2. Келiмбетов Н. Ежелгi дәуiр
әдебиетi.
3. Батырлар жыры. Көп томдық.-А.,
1979.-38-96 бб.
4. Қазақ
қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. ªашықтық
жырлар.-2 т.-А., 1969.-58-97 бб.
5. Аристотель. Поэтика//Аристотель и античная
литература.-М., 1978.
6. Сөзстан. Жас қаламгерлер
кiтапханасы.- VI кiтап.-Алматы, 1985.
7. Ахметов З. Поэтика эпопеи “Путь абая”.
М.Әуезов в свете истории ее создания.-Алматы, 1984.
8. Ахтанов Т. Iздену-зерттеу-басты
шарт//Ахтанов Т. Керуен. Әдебиет туралы ойлар.-Алматы, 1969.-276-274 бб.
9. Әбiлов Д. “Ақын арманы” туралы
сыр.//Сөзстан: жас қаламгерлер кiтапханасы. IV кiтап.-Алматы, 1983.
10. Әл-Фараби. Философиялық
трактаттар.-Алматы, 1973.
11. Әуезов М. “Абай” романының жазылуы
жайынан//Сөзстан: жас қаламгерлер кiтапханасы. III кiтап.-Алматы,
1981.
12. Әшiмбаев С. Парасатқа
құштарлық.-Алматы, 1985.-176-217 бб.
13. Бегалин С. Бiз осылай өстiк.
//Сөзстан:жас қаламгерлер кiтапханасы. IV кiтап.-Алматы, 1983.
14. Досжанов Д. “Жiбек жолы” қалай
жазылды.//Сөзстан: жас қаламгерлер кiтапханасы. VI кiтап.-А., 1985.
15. Есенжанов Х. “Ақ Жайық”
қалай жазылды.//Сөзстан: жас қаламгерлер кiтапханасы. 1
кiтап.-А., 1980.
5. 200___ -200___ оқу
жылында жұмыс бағдарламасына енгізілген
өзгерістер мен
қосымшалар
Оқу бағдарламасына енгізілген
өзгерістер:
1.Студенттерді фольклорлық практикаға бұйрықпен
смета түзіп жоспарға сай жіберілсін.
2.__________________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________________
Жұмыс бағдарламасына енгізілген
өзгерістер мен қосымшаларды кафедра мәжілісінде бекітілді.
“___”___________200___ ж. Хаттамa N _____.
Кафедра меңгерушісі: Т.Қалдыбаев
Енгізілген өзгерістерге Филология институтының
директоры келісім берді.
Ф.ғ.д., профессор Б.Тілеубердиев
“___”___________200___ ж.
Филология институтының
әдістемелік
төрағасы: С.Тұрмаханова
“___”___________200___ ж.